Алматы мен үш облыстың тұрғындары интернетте терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Күні: 15:41, 29-10-2018.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Алматы мен үш облыстың тұрғындары интернетте терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды, деп хабрлады Қазақстанның ұлттық ақуіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы 27 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады. Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде», - делінген дүйсенбіде ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарында.  
Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен астам қатысушы тұрған.
«Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде», - деді ҚР ҰҚК-нен.  


Жаңалықтармен бөлісу: