Алматы метросы пойыздар қозғалысын түн ортасына дейін ұзартты

Күні: 13:54, 06-11-2018.

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Алматы метросы пойыздардың қозғалысын түн ортасына дейін ұзартты, деп хабарлады  «Метрополитен» ҚМК.
«Көптеген жолаушылардың өтінішін ескере отырып, 12 қарашадан бастап Алматы метрополитені жаңа жұмыс режиміне көшеді. Енді жерасты жүрдек пойыздары таңғы 6:20-дан түнгі 24:00-ге дейін қатынайтын болады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
«Алматы метросын жолаушыларға барынша ыңғайлы ету үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Келер жылы арнайы алаңдар мен касса залдарында ақпараттық дисплейлер орнатылады. Жолаушылар енді келесі пойыздың қашан келетінін көріп тұрады», - деді баспасөз қызметінен.  
Еске салсақ, 24 қазанда Алматы метросына 8 жаңа электр пойызын жеткізу үшін келісімге қол қойылған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: