Алматы қоғамшылдары Тоқаевты әділ емес сот шешімдерін қайта қарайтын комиссия құруға шақырды

Күні: 18:24, 02-05-2019.

Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда қоғамшылдар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділетсіз сот шешімдерін қайта қарайтын комиссия құру өтінішімен жүгінді.
«Біз – Қазақстан азаматтары біздің құқықтарымыз бен бостандығымыздың кепілі ретінде ҚР президенті Тоқаевқа президент әкімшілігінің құқықтық бөлімін, конституциялық кеңес өкілдерін, бас прокуратураны, сенат депутаттарын, тәуелсіз заңгерлерді тарта отырып, тікелей біздің қатысуымызбен әділетсіз сот шешімдерін қайта қарайтын комиссия құру өтнішімен жүгініп отырмыз. Біз сот билігі біздің конституциялық, азаматтық және мүліктік құқықтарымызды өрескел, негізсіз бұзып отыр деп санаймыз. Себебі біз Қазақстанда барлық мүмкіндігімізден айырылдық, біздің сізден көмек сұрудан басқа амалымыз қалмады», - делінген сәрсенбіде баспасөз мәслихатында таратылған баспасөз парақшасында.
Баспасөз мәслихатына қатысушылар мүлкінен заңсыз айыру, нотариус құжаттарын қолдан жасау, қылмыстық жауапқа заңсыз тарту, қылмыстарды тергеудегі әрекетсіздік, жемқорлық т.б. деректері туралы баяндады.
«15 мамырда біз Астанаға жиналып жатырмыз, бас прокуратураға, Елбасыға, Тоқаевқа барып, біздің ісімізді бақылауға алуларын сұрағымыз келеді. ҚР сот жүйесі заң аясында шешім шығармайынша сыбайлас жемқорлық жалғасын таба береді», - деді қоғамдық қайраткер Клара Байбосынова.
Өз кезегінде қоғамдық қайраткер Юрий Маленький осындай комиссия құру туралы ұсыныстың бірінші рет айтылып жатпағанын атап өтті.
«Халықтың орын алып отырған жайттарға, сот жүйесіне, прокуратура мен тергеуге көңілі толмайды. Жарты жыл бұрын біз осындай комиссия құру туралы ел басшылығына жүгінген едік. Бірақ біздің ұсынымыз қараусыз қалды. Енді біз – билік көзі халық, бұл билік, біздің ойымызша заңсыз сот шешімдерін объективті түрде қайта қарауын талап етеміз. Біз Тоқаев мырза осындай комиссияны құруы қажет деп санаймыз, бұл біздің қазіргі таңдағы талабымыз. Біздің ұсынысымыз жақсы жағынан қарастырылуы керек», - деді ол.
Сонымен қатар, қоғам қайраткері Санавар Закирова Тоқаевқа сот шешімдеріне көңілі толмайтындардың 15 мамырда онымен кездескісі келетін өтініштерін жеткізді.
«Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтан 15 мамырда бізбен кездесуін сұрағым келеді. Сол күні Қазақстанның барлық өңірінен азаматтар бас прокуратураға арыздарын беруге келеді және бз президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескіміз келеді, оның егер президент болып сайланған жағдайда біздің мәселемізді қалай шешетінін білгіміз, сұрақтарымызға жауап алғымыз келеді. Немесе ол кездесу күнін өзі белгілесін, біз келеміз, еліміздің болашақ президентіне сұрақтарымызды қоямыз», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: