Алматы облысы бас сандәрігерінің қайтыс болу себебі аталды

Талдықорған. 10 шілде. ҚазТАГ – Алматы облысы бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың қайтыс болу себебі аталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Пневмония», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен жұма күні.
Баймұхамбетовтың қайтыс болғаны туралы бұған дейін белгілі болған еді.
Ол Алматы облысындағы тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментін 2019 жылдың мамырынан бері басқарып келе жатқан еді.

adimage