Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров екі өкпенің қабынуынан қайтыс болды

Талдықорған. 10 шілде. ҚазТАГ – Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров екі өкпенің қабынуынан қайтыс болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін екі өкпесінің қабынуынан Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Ислямович мезгілінен бұрын дүниеден өтті. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деп хабарлады Алматы облысының әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жөкел жұма күні.
Атап өтелік, жақында Бескемпіровтың кандидатурасы  сенатқа алдағы сайлауға ұсынылған болатын.
Еске салсақ, 2005 жылдың қыркүйегінен бастап 2012 жылдың қаңтарына дейін Серікжан Бескемпіров Алматы облысы Текелі қаласының әкімі, 2012 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың маусымына дейін – Алматы облыстық мәслихатының V шақырылымның хатшысы, 2012 жылдың маусымынан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді.

adimage