Алматы облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Күні: 11:26, 30-04-2019.

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ – Алматы облысы прокурорының орынбасары тағайындалды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Бас прокурордың 29 сәуірдегі бұйрығымен Рашид Әміров Алматы облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Әміров әр жылдары Алматы прокуратура бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, Алматының Түрксіб, Әуезов аудандары покурорының орынбасары, Балқаш және Талдықорған аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры болған.


Жаңалықтармен бөлісу: