Алматы облысы жаңа сандәрігерге қатысты тәртіптік іс қозғау басталды

Талдықорған. 13 тамыз. ҚазТАГ - Алматы облысы жаңа бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік іс қозғау басталды, деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облыстық департаментіне істі Әдеп жөніндегі кеңесте қарай отырып, мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қозғау тапсырылды. Тәртіптік істі қарау нәтижесі қоғамға жеткізілетін болады», - деп хабарлады МҚІА ресми өкілі Ерхан Таткен бейсенбі күні.
Ведомствода нақтылағандай,  агенттік Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың Талдықорған қаласы тұрғындарымен кездесуі барысындағы видеоға назар аударып, оның барысында Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін бұзу фактісін анықтаған.
Атап өтелік, Ерғали Сыдымановтың Алматы облысының бас санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалғаны туралы 12 тамызда ғана белгілі болды.
Бұған дейін ол Маңғыстау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарған.
Бірінші жұмыс күні Сыдыманов Талдықорғанда «Хабиби» сауда үйінің (көлік бөлшектері) кәсіпкерлерімен кездескен, олар жұмыс жасауға рұқсат беруін сұраған. Кездесу кезінде жаңа сандәрігер сөз арасында «Мен бірінші рет күйеуге шығып тұрмын ба?» «Басымды қатырмаңыздар» ( «Я, что, в первый раз замужем?», «Не морочьте мне голову») деген сияқты сөздерді қолданған.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысы бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановтың Талдықорғанда жергілікті базардың кәсіпкерлерімен кездесу барысында қалалықтарға дөрекілік танытқаны көрінетін видеодан кейін қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.

adimage