Алматы облысында 20 өзбекстандық азамат құжаттарысыз және жалақысыз қалды

Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ - Алматы облысында 20 өзбекстандық азамат құжаттарысыз және жалақысыз қалды, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).
«Алматыдағы Өзбекстан бас елшілігінің ақпарынша, 23 маусымда консулдық қызметкер Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылына әлеуметтік желі арқылы тараған ақпарды тексеру үшін барды. Сол жерде анықталғандай, Өзбекстанның Хорезм облысының 20 азаматы Қазақстанға наурыз айының басында отандасы З-ның айтуынша, кірпіш зауытында жұмыс жасау үшін келген. Олардың ұлттық тұлқұжаттары уақытша тіркеуді рәсімдеу және еңбек етуге рұқсат аламыз деген желеумен алынған. Зауыт иесінің жалақы төлеу және төлқұжаттарын қайтару бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін Өзбекстан азаматтары құқыққорғау органдарына жүгінген», - деп хабарлады Өзбекстанның ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметінен.
Сыртқы саяси ведомство атап өткендей, шетелдік жұмыс күшін заңсыз жалдағаны үшін қылмыстық іс қозғалған, өзбек азаматтары тергеу амалдарын жүргізу үшін уақытша Қаскелеңдегі №1 қабылдаушы-бөлушіге орналастырылды.
«24 маусымда сот болады деп күтілуде. Бас елшілік жағдайды бақылауда ұстап отыр», - деді Өзбекстан СІМ-нен.

adimage