Алматы облысында 3,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Алматы облысында 3,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«2019 жылғы 25 қарашада «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 08 сағат 19 минутта жер сілкінісі орын алған. Жер сілкінісінің ошағы Алматының шығысынан 254 шақырымында Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,5. Магнитудасы mpv=3,8», делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қоса ұсынылған картаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қазақстанның Қытаймен шекарасынан алыс емес жерде 20 км тереңдікте болған.

adimage