Алматы облысында 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматы облысында 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«2019 жылғы 4 желтоқсанда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақыты 1.38-де жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысынан 303 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1. Магнитудасы mpv=5,2», делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Қоса ұсынылған картаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы облысы Ақсу ауданында 15 км тереңдікте болған.
«Сезілгендігі туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Қапал ауылы – төрт балл, Жансүгіров ауылы мен Текелі қаласы – үш балл, Талдықорған қаласы – үш балл», - делінген хабарда.

adimage