Алматы облысында 50-ге жуық жолаушысы бар автобус аударылды

Талдықорған. 15 шілде. ҚазТАГ – Алматы облысында 50-ге жуық жолаушысы бар автобус аударылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы-Өскемен көлік жолының 462 шақырымында автобус аударылды. Автобус салонында 47 жолаушы болған, оладың тек үшеуі ғана медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккен үш жолаушы (екі ер адам мен бір әйел) Сарқан қаласындағы ауруханаға жеткізілген», - деп хабарлады дүйсенбіде өңірлік коммуникация қызметінен (ӨКҚ).
ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

adimage