Алматы облысында ақын Сүйінбайдың атындағы саябақ ашылады

Талдықорған. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматыда қазақ ақыны Сүйінбай Аронұлының ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

А.Баталов Жетісу жерінде ақынның 200 жылдығын атап өту бағдарламасы туралы да әңгімеледі.  

Сонымен, ақынның мерейтойын Алматыда атап өту қазан айына жоспарланған. Жамбыл ауданында ескерткіш пен ақын атындағы жаңа саябақтың, сондай-ақ күрделі жөндеуден өткен мұражайдың салтанатты ашылу рәсімі  өтеді.

Мереке бағдарламасында сондай-ақ, түрлі кездесулер, конференциялар, концерттік бағдарламалар, ат жарыс және тағы басқалары бар.  

Баспасөз қызметі еске салғандай, Сүйінбай Аронұлының мерейтойы аясында Алматы облысының делегациясы Түркияда болып, ғылыми-теориялық конференция мен ақын атындағы саябақтың ашылу салтанатына қатысты.  

adimage