Алматы облысында адам өліміне әкеліп соққан жаппай ЖКО-ға кінәлі ұсталды

Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ – Динара Халдарова. Алматы облысында адам өліміне әкеліп соққан жаппай ЖКО-ға кінәлі ұсталды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің ресми төрағасы Көбейхан Нұрахмет.
«ЖКО (10 ақпанда Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында – КазТАГ) төрт көліктің (ГАЗель, Toyota, Mercedes және Kia – ҚазТАГ) қатысуымен орын алған, соның салдарынан үш адам көз жұмды. (…) Көліктердің бірінің жүргізушісі, жол-көлік апатының орын алуына себепкер болуы мүмкін деген күдікпен, қамауға алынған», - деді К. Нұрахмет дүйсенбіде.
Ол атап өткендей, ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345 б. 4б. бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Аталмыш дерек бойынша қажетті сараптама тағайындалған», - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД ресми өкілі.

adimage