Алматы облысында адам зорламақ болған екі күдікті ұсталды

Күні: 13:03, 04-07-2019.

Алматы. 4 шілде. ҚазТАГ – Алматы облысында адам зорламақ болған екі күдікті ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Алматы облысында көшеде кетіп бара жатқандар жас келіншекті зорламақ болған ер адамды ұстауға полицияға көмектескен. Аталмыш дерек Талғарда тіркелген, яғни 2-нен 3 шілдеге қараған түні қаланың жарығы жоқ көшелерінің бірінде 30 жасар әйелге белгісіз біреу тиіскен. Әйелдің көмек сұрап айқайлағанына кездейсоқ өтіп бара жатқандар келіп, полицей шақырып, оқиға орнынан қашпақ болған күдіктіні ұстауға көмектескен», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Полицияда атап өткендей, ұсталған ер адам 44 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан, ол қала және жақын елді-мекендерге халықты жеке тасымалдаумен айналысып жүрген.
«Қазір зорлауға оқталу ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Талғар аудандық полиция қызметкерлері жалғастыруда», - деп атап өтті облыстық ПД-нен.
Ведомствода атап өткендей, сол күні Талғардың басқа ауданында 19 жасар қыз баланы да зорламақ болған.
«Қыз бала айқайлап, қарсылық танытқанда күдікті қорқып қашып кеткен. Алайда көрші ауылдың тұрғыны болып табылатын 1991 ж.т. күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген», - деп хабарлады полициядан.
ПД-де нақтылағандай, күдікті жергілікті психонаркологиялық диспансерде есепте тұрған.
«Оның тумаларын хабардар ете отырып, ол медмекемеге орналастырылды», - деп хабарлады полициядан.
Хабарда атап өтілгендей, ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған, алайда Талғар полицейлері олардың екеуінің де сол ауданда тіркелген басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексермек.


Жаңалықтармен бөлісу: