Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Алматы облысында шамамен 120 мың тонна көлемінде қант қызылшасының рекордтық өнімін жинауды жоспарлауда, деп мәлімдеді өңір әкімі Серік Тұрдалиев.
«Биыл ауыл шаруашылық саласындағы жаңалық қант қызылшасының өндірісін жаңғырту болмақ. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша егіс алаңдары кеңейтілді. Егер былтыр 1-2 мың гектар жерге ексек, биыл 4 мың гектар жерге егілді, бұл бізге шамамен 120 мың тоннадай қант қызылшасын жинауға мүмкіндік береді», - деді С.Тұрбалиев бейсенбідегі брифингте.
Ол облыста қант шығаратын 4 зауыттың барын еске алды, алайда олар шикізаттың жоқтығынан жұмыстарын тоқтатқан. Қант зауыттарының бірін қайта құруға Т500 млн инвестицияланды. Тағы екі зауыт жүгері және тыңайтқыш шығаратын болып қайта құрылады.
«Барлық шаруашылық қожалықтарымен келісім жасалды, биыл біз облыстық бюджеттен көтерме қаражат бөлдік. Ол – Франциядан тұқым сатып алуға арналған 76 миллион теңге және нәтиже де жоғары - 97% көктеп шықты. Қант қызылшасының кейбір тұқымдары 1 кг асты», - деп жалғастырды ол.
Өңір әкімінің орынбасары 120 мың тоннадай егін жинаған жағдайда 12 мың тонна қант өндірілетінін айтты.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42