Алматы облысында ата-аналар балабақша қызметі үшін артық төлеп келген - прокуратура

Алматы. 12 наурыз. ҚазТАГ – Алматы облысында үш ауданда ата-аналардың балаларының балабақшадағы тәрбиесі мен оқуы үшін артық төлем жасап келгені белгілі болды, деп хабарлады өңір прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Мәселен, Ақсу ауданында балабақша қызметі үшін ата-аналар ай сайын 10 мың теңгеден төлеген, ал жергілікті атқарушы орган оның құнын 8,5 мың теңге көлемінде белгілеген», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, аталмыш ауданда 300-ден астам бала мектепке дейінгі білім беру мекемесіне барады.
«Осыған ұқсас бұзушылықтар Кербұлақ және Алакөл аудандарында да анықталған, бұл жерлерде балабақша қызметі үшін ата-аналар сәйкесінше, 5 мың және 2 мың теңге артық төлеп келген. Облыс прокуратурасы тексерісті жалғастырып жатыр», - делінген баспасөз парақшасында.

adimage