Алматы облысында ауылдардың газ құбыры мен газ тарату желілерін салуға Т4,6 млрд астам қаражат жұмсамақ

Астана. 22 шілде. ҚазТАГ – Алматы облысында ауылдардың газ құбыры мен газ тарату желілерін салуға Т4,6 млрд астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Алматы облысының энергетика және тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ; атауы - газбен жабдықтау/газ тарату желілерінің/жүйелерінің/объектілерінің/станциялардың құрылысы (салу) бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Алматы облысы Жамбыл ауданы Шилібастау ауылының газ құбыры мен газ тарату желілерін салу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т2 813 566 909», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Сондай-ақ осы хабарландыруда тағы төрт лот сипатталған:

- Алматы облысы Жамбыл ауданының Архарлы ауылында тартылатын газ құбыры мен газ тарату желілерін салу, жоспарлы сомасы - Т92 314 700;

- Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылы жаңа шағын ауданының газ тарату желілерін салу, жоспарлы сомасы - Т362 221 101;

- Алматы облысы Балқаш ауданы Ақжар ауылының жеткізілетін газ құбыры мен газ тарату желілерін салу, жоспарлы сомасы - Т714 864 316;

- Алматы облысы Жамбыл ауданы Таңбалытас ауылында тартылатын газ құбыры мен газ тарату желілерін салу, жоспарлы сомасы - Т632 857 200.
Бес лот бойынша жалпы жоспарлы сома - Т4 615 824 226.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 24 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage