Алматы облысында азаматтық белсендіні жарақаттады деген күдікті ұсталды

Күні: 13:10, 27-08-2019.

Алматы. 27 тамыз. ҚазТАГ - Алматы облысында азаматтық белсенді Галина Арзамасованы жарақаттаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің (ДП) баспасөз қызметі.
«Галина Арзамасоваға оқ жарақатын салу фактісі бойынша жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. Ол Талғар облысының 22 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Пневматикалық қару тәркіленді, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады сейсенбіде Алматы облысы ДД баспасөз қызметінен.
Полиция сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша (атыс қаруын қолдану арқылы бұзақылық).сотқа дейінгі тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, 27 тамызда азаматтық белсенді Галина Арзамасоваға Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің кіреберісінде оқ атылған болатын. Белсенді әйел жарақат алды.


Жаңалықтармен бөлісу: