Алматы облысында бір апта бұрын жоғалған студент тауда өлі табылды

Алматы. 20 мамыр. ҚазТАГ - Алматы облысында бір апта бұрын жоғалған студент Айгүл Амангелды тауда өлі табылды, деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«19 мамырда сағат шамамен 17.30-да іздестіру шаралары барысында Талғар ауданы Белбұлақ ауылына жақын маңдағы таулы жерден полицейлер еріктілермен бірге хабарсыз жоғалып кеткен 18 жасар Айгүл Амангелді денесін тапты. Тумалары оның денесін, денесінен сырттай қарағанда зомбылықпен өлтіру белгілері табылмаған», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Полиция қыз бала өзін-өзі өлтірген болуы мүмкін деп отыр.
«Сот-медициналық сараптама оның өлуінің нақты себебін анықтайды. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 105 бабымен (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) қарастырылған тексеру басталды», - деді полицейлер.
Қыз бала 13 мамырда ертеңгісін Белбұлақ ауылындағы үйінен Алматыға Асфендияров ат. медициналық университетіне емтихан тапсыруға шыққан, бірақ сол күйі университетке емтихан тапсыруға келмеген, үйіне де оралмаған. Оны іздестіруге полиция, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылған.

adimage