Алматы облысында екі жасар қыз бала шашын биттен тазарту үшін мал дәрісін қолданғаннан кейін көз жұмды

Күні: 18:58, 31-10-2018.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысында екі жасар қыз бала шашын биттен тазарту үшін мал дәрісін қолданғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.  
«Анасы екі қызының шашын (екі және бес жастағы қыздар - ҚазТАГ) биттен тазарту үшін сумен араластырылған «Неоцидол» мал дәрісін жаққан.  Содан кейін балалардың жүректері айнып, әлсіздік пайда болып, естерінен танып, ауыздарынан ақ көбік аққан. олар Туғанбай (Талғар ауданы –ҚазТАГ)  ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген. Сол жақтан бір бала 26 қазанда   Алматы өңірлік балалар ауруханасына жіберілген. Екінші 2016 жылы туылған бала Туғанбай ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториясында көз жұмды», - деді сәрсенбіде облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.  
Оқиғаның өзі 25 қазанда орын алған. Қыздардың үлкені ведомство ақпарынша, бүгін ауруханадан шығарылды.  
Неоцидол – малдардағы кене және басқа да паразиттерді улауға арналған препарат. Ол орташа улы препаратқа жатқызылады, кей жағдайда жоғары улы болуы да мүмкін.  


Жаңалықтармен бөлісу: