Алматы облысында ИДБ қаражаты есебінен суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысында Ислам даму банкінің қаражаты есебінен суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Ал өңірдегі агроөнеркәсіп кешенін дамытуда тоғыз басым бағыт анықталған (агроөнеркәсіп кешені – ҚазТАГ), оның ішінде суармалы жерлер де бар. Жалпы облыс бойынша 138 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарланып отыр, оның 39 мың гектары биылғы жылы қалпына келтіріледі. (…) Бүгінгі таңда Ескелді, Алакөл, Ақсу, Көксу аудандарында Ислам Даму Банкінің қаражаты есебінен қалпына келтіру жұмыстары басталды», - деді 2019 жылдың 8 айының қорытындылары туралы есеп берген қоғамдық кеңестің жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.
ҚазТАГ ХАА тілшісіне баспасөз қызметінен нақтылағандай, ИДБ Ескелді ауданындағы суармалы жерлердің 4262 га қалпына келтіруге Т1,5 млрд, Ақсу ауданындағы 11 548 га қалпына келтіруге Т4,1 млрд, Көксу ауданындағы 13 600 га жерді қалпына келтіруге Т3,7 млрд бөлген.
«Осы жылы егіс көлемі 961 мың гектарды құрады. Оның ішінде қант қызылшасы 14 мың гектарға, жүгері 82 мың гектарға жеткізілді. (…)Райымбек ауданында 600 гектар жерге картоптың элиталық сортының тұқымы себілді», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, шаруаларға көмекке облыс бойынша барлығы 45 сервистік-дайындау орталығы жұмыс істейді, онда мыңнан астам бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар.
«Мәселен, бүгінгі күні 68,4 мың басқа арналған 100 бордақылау алаңы жұмыс істейді, оның ішінде биылғы жылы 3,7 мың басқа арналған бес бордақылау алаңы құрылды. Жоспарланған екі мың тонна ірі қара мал етінің 1300 тоннасы экспортталды. Сондай-ақ, 1,9 мың басқа арналған төрт сүт-тауар фермасы ашылды, барлығы 22 мың басқа арналған 72 сүт-тауар фермасы жұмыс істеп тұр», - деді облыс әкімі.
Баталовтың айтуынша, сегіз ай ішінде облыс экономикасын қарқынды дамыту шараларын атқарудың арқасында өнеркәсіпте – 2,8 %, ауыл шаруашылығында – 2,4 %, саудада – 4 % өсімге қол жеткізілді.
«Жоспарланған жылдық тұрғын үй көлемінің 70 % - 550 мың шаршы метрді іске қостық, бұл өткен жылға қарағанда 21 %-ке артық. Жыл басынан бері 3,3 % өсіммен 305,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жалпы, облыстың инвестициялық портфелі 39 мың жұмыс орнын құратын, жалпы құны 5,5 трлн. теңгеден асатын 388 жобаны қамтиды. Биылғы жылы 189 млрд. теңгеге 41 нысан іске қосылады», - деді Баталов.

adimage