Алматы облысында күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел 10 жылға бас бостандығынан айрылды

    Қонаев.20 ақпан.ҚазТАГ- Алматы облысында күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел 10 жылға бас бостандығынан айрылды, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
   «19 ақпан күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушы К. қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оны 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
    Оқиға 2023 жылдың қазан айында орын алды.
    «К. есімді сотталушы Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. жанжалдасып, оны жүріп бара жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген. Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды»,- сотталушы оқиға кезінде ішімдікке мас күйде болғанын сот қабылдады.

adimage