Алматы облысында магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

Талдықорған. 17 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысында магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«17 ақпанда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақыты 7 сағат 52 минутта жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысынан 374 шақырымында Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. Магнитудасы mpv 3,8», делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, жер сілкінісінің орталығы Алматы облысы Сарқан ауданы Лепсі ауылынан қашық емес жерде 5 км тереңдікте орналасқан.

adimage