Алматы облысында магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Алматы облысында магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«2020 жылғы 20 қаңтарда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақыты 2,57-де жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысынан 442 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10. Магнитудасы mpv=3,8», делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қоса ұсынылған картаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы облысы Алакөл ауданында 10 км тереңдікте болған.

adimage