Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Алматы облысында магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады «Сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция» СТӘЭ) ЖШС баспасөз қызметінен.
«22 қазанда астана уақытымен 11.31-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің орталығы қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығыста 346 шақырым жерде тіркелген. жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,9. Магнитудасы MPV - 4.2»- делінген дүйсенбідегі СТӘЭ хабарында.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы облысы Сарқанд ауданында 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Оның сезілгендігі туралы ақпар жоқ.
Алматы облысында магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі орын алды
