Алматы облысында магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі орын алды

Күні: 19:01, 25-07-2019.

Алматы. 25 шілде. ҚазТАГ - Алматы облысында магнитудасы 4,2 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2019 жылғы 25 шілдеде Алматы уақытымен 15 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысынан 278 км жерде, Қазақстан аумағында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,6. Магнитудасы MPV 4,2», - делінген хабарда.
Сейсмологтар ұсынған картаға сәйкес, жер сілкінісі 10 шақырым тереңдікте Жаркент қаласынан қашық емес жерде болған.


Жаңалықтармен бөлісу: