Алматы облысында мемлекеттік балабақша Т1,7 млн сомаға екі кір жуатын машина сатып алмақ

Күні: 12:41, 13-11-2018.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Алматы облысында мемлекеттік балабақша Т1,7 млн сомаға екі кір жуатын машина сатып алмақ, деп хабарлады ҚР мемсатып алу сайтынан.  
«Алматы облысы «Ескелді аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Балдәурен» балабақшасы үшін (Қарабұлақ ауылы) 10 кг дейін кір салуға болатын екі тұрмыстық кір жуатын машина сатып алады», - делінген  №20553115-ЗЦП1 лот туралы ақпаратта.
Хабарда нақтыланғандай, біреуінің бағасы   - Т848 214,29. Осылайша, лоттың жоспарланған сомасы   - Т1 696 428,58.
Бұл ретте Қазақстан дүкендерінде 10 кг дейін кір салуға болатын кір машиналрадың бағасы орта есеппен Т600 мың тұрады.  


Жаңалықтармен бөлісу: