Алматы облысында пара алғаны үшін білім саласының шенеуніктері ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

Талдықорған. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы облысында пара алғаны үшін білім саласының шенеуніктері ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Т400 мың көлемінде пара алу дерегі бойынша тексерудің оң қорытындысына сәйкес Алакөл ауданы аудандық білім бөлімінің басшысы мен бас есепшісі қамауға алынды», - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл бюросы өңірлік департаментінің басшысы  Данияр Тұрганбаев.
Ол шенеуніктердің әрқайсысының 7 жылға бас бостандықтарынан айырылғанын мәлімдеді.  
«Білім беру жүйесінде қызметтік лауазымдарын асыра пайдалану (24%), сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету (27%), нақты бір адамның парақорлығы немесе жалпы қолдаушылық ұсыну  (29%), алаяқтық секілді сыбайлас жемқорлық түрлері кезедседі. Мәселен, қызметінен қумау және ары қарай жалпы қолдау көрсету үшін Қаракемер кәсіптік колледжінің директоры (Т16,8 млн айыппұл), Қарасай ауданы Көксай ауылының орта мектеп директоры (айыппұл Т5 млн) сотталды», - деді Д.Тұрғанбаев.  

adimage