Алматы облысында өрт сөндіру кезінде үш адам көз жұмып, жетеуі зардап шекті

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Алматы облысында өрт сөндіру кезінде үш адам көз жұмып, жетеуі зардап шекті, деп хабарлады Қазақстаннның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округі аумағындағы таулы жердегі дала өртін сөндіру кезінде 5 тамыз күні үш адам көз жұмды, оның біреуі Жеркент орман шаруашылығы мекемесінің жұмысшысы, екеуі тілсіз жаумен күрескен жергілікті тұрғын. Одан басқа жеті адамды түрлі деңгейдегі күйік шалған, оның біреуі аяғын сындырып алған», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
ІІМ нақтылағандай, зардап шеккендер Жаркент ОАА жеткізу үшін тік ұшақпен Лесновка ауылына жеткізілді.
«Оқиға орнында Алматы облысы ПД мен ТЖД, сонымен қатар Жаркент мемлекеттік орман мекемесінің жеке құрамдағы 59 адамы мен 13 бірлік арнайы техникасы жұмыс жасап жатыр. Өрт көзін сөндіру үшін өрт сөндірушілермен, полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар мен орман шаруашылығы қызметкерлерінен құралған ерікті өртке қарсы құрылымдар да жұмылдырылған», - деді ведомствода.
Хабарда атап өтілгендей, таулы жерге шығудың қиындық туғызуы салдарынан өртті сөндіру қиынға соққан. Соған байланысты су бүркетін құрылғысы бар МИ-8 тік ұшағы тартылған.
Ведомствода айта кеткендей, өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
«Өртті сөніруге қосымша күш пен құрал тартылды, оқиға орнына «Қазавиақұтқару» тағы бір тік ұшағы келді. Ішкі істер министрлігі ТЖ кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтады», - делінген хабарда.

adimage