Алматы облысында өрт шықты

Күні: 11:40, 21-02-2019.

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысында өрт шықты, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«20 ақпанда сағат 13.12-де Алматы облысы ТЖД «101» тетігіне Қарасай ауданы Көлді ауылы «Асу» ш/қ аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Алаңы 432 ш.м. құрайтын тұрғын үй мен қойма ғимаратынан өрт шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелері өртті 13.58-де ауыздықтап, 14.21-де толықтай өшірді», - деді Н. Нұрахметов бейсенбіде.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай, зардап шегушілер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өрт шығуының алдын-ала себебі – электр тоғының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамдағы төрт адамы мен бір бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: