Алматы облысында ШОБ субъектілеріне жыл басынан бері бірде-бір шағын несие берілмеген

Талдықорған. 18 сәуір. ҚазТАГ - Алматы облысында шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне жыл басынан бері бірде-бір шағын несие берілмеген, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ағымдағы жылы Алматы облысында шағын және орта бизнесті қолдауға Т8,4 млрд бөлінген. Алайда бүгінгі күнге дейін бірде-бір шағын несие берілмеген. Өнімді жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы аясында шағын несиеге және оқытуға Т5 млрд қарастырылған», - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов әкімдік отырысында.
Сонымен қатар, атап өтілгендей, қала тұрғындарын несиелеуге бөлінген былтырдан қалған Т431 млн. соманың Т29 млн. сомасы ғана игерілген, шағын несиені тек үш адам ғана алған.
«Бөлшек сауда айналымының өсімі былтырғы 13,1% қарағанда 4,3%-ға бәсеңдеген», - деді Тұяқов.

adimage