Алматы облысында ҚТҚ полигонындағы өрттің алдын-ала себебі аталды

Алматы. 16 мамыр. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Алматы облысында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт химиялық қалдықтар салдарынан шыққан, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өртке келер болсақ, мен ойлаймын химиялық қалдықтар салдарынан (шыққан - ҚазТАГ) деп»,- деп мәлімдеді Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бағдәулет Әліпов бейсенбіде.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, 2014 жылы әкімдік полигонды 49 жылға жалға берген. Қазір ол KAZ Waste Conversion-ге қарайды.
Бұған дейін хабарланғандай, 16 мамырда сағат 02.03-те өрт сөндіру қызметінің тетігіне Алматы облысы Қарасай ауданы Айтай ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигонында шамамен 1 га алаңда қатты тұрмыстық қалдықтар өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өз кезегінде Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі өрт сөндіру көліктерінің ол жерге бара алмайтынын айтуда, себебі шұңқырдың тереңдігі 60-70 м.
Кейін белгілі болғандай, өртті сөндіруге ҚТҚ полигонына инженерлік техника жұмылдырылған:
Бульдозер – 5 б., тиегіш – 2 б., 2 экскаватор – 2 б., өзі аударғыш машина – 2 б.


adimage