Алматы облысында тау кластерін жасауға кірісті

Талдықорған. 20 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысында тау кластерін жасауға кірісті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз (Алматы облысы– ҚазТАГ) мәдениет және спорт министрлігімен және «Қазақ Туризммен» бірге тау кластерін жасауға кірістік», - деп мәлімдеді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сәрсенбіде халықпен есепті кездесуінде.
Ол атап өткендей, жыл басында Алматы облысында «Ой-Қарағай Лесная сказка» тау-шаңғы саябағы ашылды. Оған Т30 млрд көлемінде инвестиция тартылды.
«2020 жылға қарай тау-шаңғы саябағының қуатын екі есе арттыру жоспарлануда», - деді А. Баталов.

adimage