Алматы облысындағы 150 медүйымда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғандығы анықталды

Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысындағы 150 медициналық үйымда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғандығы анықталды, деп хабарлады ҚР қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылы жспарланған 170 денсаулық сақтау нысанының 150-нен (87,7%) айрықша тәртіптегі тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғандығы анықталды. Барлық медициналық ұйымда санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралардың бұзылғандығы анықталды», - делінген хабарда.
Аталмыш бұзушылықтар бойынша, хабарда атап өтілгендей, жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 10,635 млн теңгеге 390 айыппұл салынды.
«ҚР заңнамасының халықтың санитарлық-эпемиологиялық әл-ауқаты саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша 137 ұсыным берілді, 2 материал сотқа жолданды», - делінген хабарда.

adimage