Алматы облысындағы ЖКО-дан үш адам көз жұмды

Күні: 18:02, 26-03-2019.

Талдықорған. 26 наурыз. ҚазТАГ – Алматы облысындағы ЖКО-дан үш адам көз жұмды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Алматы-Қорғас» тас жолының 313 шақырымында ЖКО орын алды, «Ауди-100» көлігі «Тойота-Камри" көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады өңірдің ПД-нен.
«Оқиға орнында Тойота жүргізушісі жан тапсырды. Оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.
ЖКО дерегі бойынша облыстық тергеу басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.


Жаңалықтармен бөлісу: