Талдықорған. 22 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысында 41 жасар жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, оның көлігінен 3 текше метрден астам кесілген сексеуіл табылған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Аталмыш дерек Балқаш ауданында анықталды, сол жерде Береке ауылының маңынан облыстық табиғатты қорғау полицейлері жаңадан кесілген сексеуіл тиеліп келе жатқан ГАЗ-53 көлігін ұстаған», - деп хабарлады өңірдегі ПД табиғатты қорғау полиция бөлімінің подполковнигі Ерлан Құджақов.
«Ұсталған көліктен 3 текшеметрден астам жас сексеуіл табылды, Қазақстанда оны кесуге 2023 жылға дейін тыйым салынған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі әзір есептелуде. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Оны тексеру кезінде күдіктіге қатысты «Міндетті түрде келу» процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалып алынды», - деп түсіндірді Е. Құджақов.
Алматы облысында заңсыз кесілген сексеуіл тиелген жүк көлігі ұсталды
