Қонаев.7 желтоқсан.ҚазТАГ- Алматы облысында жеке тұрғын үй өртеніп, әжесі мен екі немересі көз жұмды, деп хабарлайды Алматы облысының ТЖД.
«7 желтоқсан күні сағат 00:16 да Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Өрт сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің (әже), 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың (немерелер) денелері табылды»,- делінген хабарламада.
90 шаршы метр алаңдағы жеке тұрғын үй жанған, бұл үйді 8 адамнан тұратын отбасы 2021 жылдан бері жалдап келген.
«Есік қаласының ауруханасына балалардың 1999 жылғы анасы, 1991 жылғы әкесі, 1958 жылғы атасы, 2022 жылы туған сәби және 2002 мен 2004 жылғы көршілері жеткізілген.
Қызыл жалын сағат 1:03-те оқшауланып, сағат 01:15-те толықтай сөндірілген. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34