Алматы облысында ЖКО салдарынан тоғыз адам қаза тапты

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысында ЖКО салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«ЖКО 12 мамыр күні ертеңгісін Алматы-Бішкек тас жолының 109 шақырымында Lada және Toyota Camry көліктерінің соқтығысуынан орын алды. Жол апатында тоғыз адам мерт болды, оның үшеуі әйел», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Полицейлер нақтылағандай, мерт болғандардың кім екендері анықталған.
«Қаза тапқандар Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары. Алдын-ала нұсқа бойынша Lada көлігінің жүргізушісі көлігін басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, шетел көлігінің жанынан соққан. Қазір ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ПД-нен.
Ведомствода атап өткендей, жол апатын тергеу ерекше бақылауда тұр жән Алматы облысы ПД өндірісіне алынған.

adimage