Алматы облысында жолды судың шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тас жолы жабық

Күні: 08:57, 23-05-2022.

Талдықорған. 23 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысында жолды судың шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тас жолы жабық, деп хабарлады жексенбі күні «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.
«22 мамырда сағат 18:30-да жаңбыр суының шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 382-410 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабылды, Жансүгіров ауылы мен Сарқан қаласының учаскесі»,- делінген жексенбідегі хабарда.
Бұған дейін желі қолданушылары жолды судың шайып кеткенінің видеосын таратқан болатын. Роликте Ақсу ауылы мен Сарқан қаласының арасындағы жолды су шайып кеткені айтылған.


Жаңалықтармен бөлісу: