Алматы облысының әкімдігі Талғар жолындағы ауылдың сусыз қалуын диверсия деп атады

Күні: 18:43, 01-07-2019.

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Алматы облысының әкімдігі Талғар жолында орналасқан Бесағаш ауылының сусыз қалуын диверсия деп атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әдетте су жіберілетін сол су құбырының бойымен жүріп өткенде оның әдейі жауып тасталғаны белгілі болды. Кәсіпорын басшылығы оны ауылдың жоғары жағын сумен қамтумен айналысатын компания жасауы мүмкін деп отыр. (…) Ол жерде полиция басқармасының (ПБ) басшысы да болды, оған бұл диверсияны нақты кімнің жасағанын анықтау тапсырылды. Бұл барып тұрған диверсия - себебі құбырды бүлдірген, бұрандаларын жұлып тастаған», - деді дүйсенбіде ҚазТАГ ХАА тілшісіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жөкел.
Ол атап өткендей, жергілікті тұрғындардың жиналғаны туралы белгілі болған сәтте ол жерге Талғар ауданының әкімі Рыскелді Сәтпаев пен басқа да жергілікті билік өкілдері барған.
«Жағдайды тексере бастағанда ауылды сумен қамту әр түрлі екі жүйеден жүзеге асырылатыны белгілі болды. Бесағаштың жол жиегіндегі төменгі бөлігі суарнасының балансында, яғни коммуналды меншікте, жоғарысы – оған кеңес уақыты кезінде ЖШС-дан құбыр тартылған, ол қазір «Тас құм» деп аталады, содан ауылдықтар жалпы суды алып отыр. Ал енді «Тас құмның» Т10 млн көлемінде қарызы болғандықтан суды ажыратып тастаған», - деді агенттік тілшісіне.
Жөкел атап өткендей, аталмыш жағдайдың орын алуына байланысты билік проблемалы су құбырын коммуналдық меншікке қайтаруға ниетті. Бұл ретте ол қарызының барына қарамастан «Тас құм» ЖШС тұрғындарды судан ажыратпау керек еді деді. Ол қазір суға қатысты мәселенің шешілгенін айтты.
«Жөндеу бригадасы жұмыс жасап жатқанда ауылдың жоғары жағына су толы көлктер жіберілді. Құбыр іске қосылды, су жіберілді. Су құбырда бірнеше күн тұрып қалған, сондықтан әзірше сарғыш, ағыңқырап кетсін, сосын үйлерге таза су берілетін болады. Ары қарай барлық сумен жабдықтау жүйесі аудан әкімдігінің балансына алынады», - деп мәлім етті облыс әкімдігінің өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Талғар жолында Бесағаш ауылының тұрғындарының жиналған видеосы тараған еді. Ауылдықтар бірнеше күн бойы сусыз отырғандарына ашулы. Ауыл Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан.


Жаңалықтармен бөлісу: