«Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги (автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - республикалық маңызы бар А-2 «ӨР шекарасы (Ташкентке) -Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы» (ҚР шекарасына кiреберiспен және Тараз, Құлан, Қордай шатқалының айналма жолдарымен, Қордай шатқалымен) автомобиль жолының 187-230 шақырым аралығында орташа жөндеу, Алматы облысы Ұйғыр ауданы; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 812 034 223», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 7 тамыз бен 14 тамыз аралығында өткен.
Қазіргі таңда өтінімдерді қарау кезеңі жүріп жатыр.
Фото көзі: infs.kz