Алматы облысының тұрғыны Adidas, Nike және Reebok аяқ киімдерін қолдан жасау күдігіне ілікті

Талдықорған. 25 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысының тұрғыны Adidas, Nike және Reebok аяқ киімдерін қолдан жасау күдігіне ілікті, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.
«ҚР ҚМ ҚМК Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Adidas, Nike және Reebok тауар белгілерін заңсыз пайдалану дерегін анықтаған. 1982 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы жалған спорт аяқ киімдерін қолдан жасаған, сол арқылы «Аdidas AG» (Германия) және «Аdidas International Marketing BV» (Нидерланды) компанияларына 19 млн теңге сомасына залал келтірген», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, тінту барысында қоймада танымал компаниялардың түпнұсқалық үлгілеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорт аяқ киімі (кроссовка) анықталып, тәркіленді.
«Аталған факт бойынша ҚР ҚК 222-б. 1-б. бойынша (тауар белгісін заңсыз пайдалану- ҚазТАГ) қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарда.

adimage