Алматы.6 желтоқсан.ҚазТАГ- Алматы облысының тұрғынынан қаңтарда ұрланған қару тәркіленді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігініңресми интернет- ресурсы.
«5 желтоқсанда 17:30 шамасында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Іле ауданының КазЦИК ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған адамның автокөлігін тінту барысында «Манлихер» атыс мылтығы табылып, тәркіленді. Айта кетейік, тәркіленген қару Алматы қаласының қару-жарақ дүкенінен ұрланған тізімде көрсетілген»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Іле ауданы Полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді.
«Күдікті ҰУИ-ға қамауға алынды. Барлық қажетті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан-Мажарстан саяси консультацияларының кезекті раунды өтеді6 Мамыр 2024, 17:10
-
Жаслан Мәдиев Қазақстанның цифрлық даму министрі болып тағайындалды6 Мамыр 2024, 16:42
-
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады6 Мамыр 2024, 16:25
-
Әзірбайжан мен Армения арасындағы келіссөз 10 мамырда Алматыда өтеді6 Мамыр 2024, 16:12