Алматы облысының жаңа әкім орынбасары тағайындалды

Алматы 12 қыркүйек. ҚазТАГ - Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен менің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі бұйрығым бойынша Батыржан Күлімергенұлы Байжұманов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бейсенбі күні өткен кеңесте.
Сонымен қатар, облыс әкімі бүгінде Темірбек Жүргенов ат. Өнер академиясының ректоры қызметін атқарып жүрген бұрынғы әкім орынбасары Ақан Абдуалиевтің жұмысына алғысын білдірді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Баталов облыс әкімі аппаратының жаңа басшысын таныстырды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігімен келісе отырып Бектасов Темірлан Амангелдіұлын тағайындады.
Әкімдіктің хабарлауынша, Батыржан Байжұманов 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыс әкімі аппаратының басшысы, Темірлан Бектасов - 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Панфилов ауданының әкімі қызметін атқарды.

adimage