Алматы-Қорғас тас жолында жылқыға соққан көлік жолаушысы жан тапсырды

Күні: 16:28, 08-11-2019.

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - Алматы-Қорғас тас жолында жылқыға соққан көлік жолаушысы жан тапсырды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«ЖКО бүгін сағат 04.00 шамасында 94 км жерде орын алған. Жүргізуші мен жолаушылар батыс бағытта келе жатқан (Батыс Еуропа – Батыс Қытай). BMW-528 маркалы авомобильді 22 жастағы жас жігіт айдап келе жатқан. Жүргізуші қараңғыда жол бойындағы жылқыны байқамай, жоғары жылдамдықпен келіп соққан. Апат салдарынан 1950 жылы туған көлік жолаушысы аудандық орталық ауруханада қаза тапқан», - делінген жұмадағы хабарда.
Ұлттық компанияда атап өткендей, аталмыш учаскені жарықтандыру жобада қарастырылмаған, көлік құралдарының қарсы ағындары металл қоршаумен бөлінген.
«Жолға малдың шығып кетуін болдырмайтын темір қоршаулар да қарастырылмаған. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері ЖКО-ға себеп болған жылқының иесін іздестіруде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: