Алматы орталығында алдағы үш күнде бірқатар көшелердің бөліктері ішінара жабылады

Күні: 18:13, 01-08-2019.

Алматы. 1 тамыз. ҚазТАГ – Алматы орталығында алдағы үш күнде бірқатар көшелердің бөліктері ішінара жабылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Асфальтбетон жол жабынын төсеуге байланысты Жамбыл көшесінде Манас көшесінен Байзақов көшесіне дейін 1 тамыз 22.00 – 2 тамыз 6.00 дейін жол жабық болады», - деп хабарлады бейсенбіде Алматы әкімдігінен.
Сонымен қатар, «Алматы жылу желілері» (АЖЖ) ЖШС хабарынша, 2 тамыз 22.00 – 5 тамыз 6.00 аралығында Төле би көшесінің бойы Байзақов көшесімен қиылысатын ауданға дейінгі жол жабық болады, сондай-ақ, 3 тамыз 21.00 – 4 тамыз 9.00 дейін Ахметов көшесінің бойы Майлин көшесінен бастап солтүстік бағытта жабық болады.
«Уақытша шектеулер осы көшелер бойымен өтіп жатқан магистралды құбырөткізгіштерді жоспарлы ауыстырумен байланысты болып отыр», - деп түсіндірді АЖЖ.


Жаңалықтармен бөлісу: