Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – Алматы орталығында Daewoo Matiz жолаушылар автобусына соқты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«№22 бағыттағы автобус Гоголь көшесі бойымен батыс бағытта автобус жолымен келе жатқан, сол сәтте Масанчи көшесі бойында оңтүстік бағытта Daewoo Matiz көлігі келе жатқан. Жеңіл көлік жүргізушісі «жол бер» деген белгіні байқамаған немесе мән бермеген, сөйтіп жоғары жылдамдықпен автобустың дөңгелегіне соққан», - деді жұма күні оқиға куәгері.
ЖКО салдарынан Daewoo Matiz жүргізушісі зардап шекті, оған жедел-жәрдем мамандары алғашқы көмек көрсеткен, бірақ ол ауруханаға баруға бас тартқан.
Автобуста төрт адам болған, оның ешқайсысы да зардап шекпеген.
Алматы орталығында Daewoo Matiz жолаушылар автобусына соқты (түзетілгені)
