Алматы орталығындағы екі көшенің бөлігі түнде жабылады

Күні: 15:14, 31-05-2019.

Алматы. 31 мамыр. ҚазТАГ – Алматы орталығындағы екі көшенің бөлігі түнде жабылады, деп хабарлады «Алматы Жолдары» ЖШС баспасөз қызметінен.
«Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Гоголь көшесінде Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін 31 мамыр күні сағат 23.00 - 1 маусым сағат 6.00 дейін жол жабық болады. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қарасай батыр көшесінде Гагарин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін 31 мамыр сағат 23.00 - 1 маусым сағат 6.00 дейін жол жабық болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Алматы қонақтары мен тұрғындарына өз бағыттарын алдын-ала ойластырып алу ұсынылады.


Жаңалықтармен бөлісу: