Алматы қоймасындағы алапат өрт сөндірілді

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ – Алматы қоймасындағы алапат өрт сөндірілді, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Өрт сағат 14.49-да сөндірілді. Өрт алаңы 450 ш.м. құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - делінген бейсенібде таратылған хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда қойма өртенді. Қалалық ТЖД нақтылағандай, 18 шілдеде сағат 07.45-те ТЖД «101» тетігіне Жетісу ауданы Омаров к. 12в/1 мекен жайы бойынша орналасқан қоймадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Күш пен құралдар көбейтілуде. Кейінірек ТЖД Алматыда қоймада шыққан өртті тік ұшақпен сөндіруге тырысып жатқандығын («Қазавиақұтқару» АҚ борты) , сосын екінші түік ұшақтың («Алматы құтқару қызметі») тартылғанын хабарлаған еді.

adimage