Алматы қоймасындағы өрт ауыздықталды

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ - Алматы қоймасындағы өрт ауыздықталды, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«Қалалық ТЖД нақтылағандай, 18 шілдеде сағат 07.45-те ТЖД «101» тетігіне Жетісу ауданы Омаров к. 12в/1 мекен жайы бойынша орналасқан қоймадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер шақырту орнына сағат 07.53-те жеткен. Күш пен құрал көбейтіле түскен. Алдын-ала ақпар бойынша қоймада 200 тонна лак-бояу заттары болған. Өртпен күреске Алматы өрт сөндіру қызметінің 67 қызметкері мен 27 бірлік техникасы, өртті сөндіру үшін су ағызатын құрылғымен жабдықталған «Қазавиақұтқару» АҚ және «Алматы құтқару қызметі» тік ұшақтары жұмылдырылды. Қазіргі таңда 101 текше м. болатын 36 рет су бүркілген. Суды үздіксіз беріп тұру үшін коммуналдық қызметтің/Су желісі, «Гаумер» ЖШС, «Алматы Құтқару қызметі», Алматы Тазалық», Қала көркейту» ЖШС тоғыз су тасушы көлігі тартылды. Өрт 12.14-те ауыздықталды», - деді Баймұхамбетова бейсенбіде.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда қойма өртенді. Қалалық ТЖД нақтылағандай, 18 шілдеде сағат 07.45-те ТЖД «101» тетігіне Жетісу ауданы Омаров к. 12в/1 мекен жайы бойынша орналасқан қоймадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Күш пен құралдар көбейтілуде.
Кейінірек ТЖД Алматыда қоймада шыққан өртті тік ұшақпен сөндіруге тырысып жатқандығын («Қазавиақұтқару» АҚ борты), сосын екінші тік ұшақтың («Алматы құтқару қызметі») тартылғанын хабарлаған еді.

adimage